{metadescription}
Нұр-Сұлтан ауруханасында түсірілген видео жарияланды  

Нұр-Сұлтан ауруханасында түсірілген видео жарияланды  

Тағы бір COVID-19 ауруханасы босап қалды.

"Рамада плазада" орналасқан стационарда 1 шілдеден бері мыңға жуық науқас емделіп шықты. Нұр-Сұлтанда коронавирус және пневмониямен ауырған науқастар емделген тағы бір аурухана жабылды. Дәрігерлер "Рамада плазада" орналасқан стационардан соңғы науқасты шығарды. Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпсалалы ауруханасының терапевт дәрігері Дәурен Молдажанов 1 шілдеден бері бұл стационарда коронавирус жұқтырған мыңға жуық науқас емделіп шыққанын айтады. Олардың арасында орта, ауыр және өте ауыр дәрежелі науқастар болды.   

"Бұл стационар өз функциясын толығымен орындады. Мұнда науқастарды күтуге қажетті барлық медициналық жабдық пен дәрі-дәрмек болды. Бұл науқастарға жоғары сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік берді", - дейді Дәурен Молдажанов.

Науқастардың бірі Бибіжан Қаппарова бастапқыда өзін-өзі емдегенін айтады.  

"Сегіз күн бойы үйде емделдім, содан кейін жедел жәрдем шақыруға шешім қабылдадым. 10 күн осы стационарда жаттым. Дәрігерлерімізге, барлық медицина қызметкеріне алғысым шексіз", – дейді зейнеткер.

Нұр-Сұлтанда барлығы 16 стационар коронавируспен күресуге жұмылдырылды. 

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.