{metadescription}
31 арнаның экс-директоры денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болды

31 арнаның экс-директоры денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болды

31 арнаның бұрынғы директоры Бағдат Қожахметов денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі болды.

Ол тағайындалғаны жайлы өзі айтты.

"Бірнеше күн бұрын мен Facebook-те денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бөлімдегі коммуникациялардағы проблемаларды көріп отырмын деп жаздым, қажет болған жағдайда оларды шешуге көмектесуге дайынмын дедім.

Кейін ол маған қоңырау шалып, ресми өкіл болуды ұсынды. Мен мұны азаматтық парызым деп санайтындықтан келістім. Бұл мен үшін кәсіби міндет. Егер мен адамдарды қалай емдеу керектігін білсем, дәрігерлерге өз қолыммен көмектесер едім. Бірақ мен ақпаратпен жұмыс істей аламын, бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс орнатып, қоғаммен сапалы кері байланыс ұйымдастыра аламын. Мен денсаулық сақтау жүйесі мен ел үшін пайдалы болады деп ойлаймын", - деді ол.

Ол журналистерге де жүгінді.

"Біз денсаулық сақтау министрлігі жанынан ақпараттық орталық аштық және қоғаммен және БАҚ-пен байланыс орнатуға көмектескісі келетіндердің барлығынан менімен жеке байланысуды сұраймыз", - деді ол.

Бағдат Қожахметов медиа-мансабын 1991 жылы тележүргізуші ретінде бастады. Көптеген жылдар бойы ірі ұйымдардың PR қызметтерінде жұмыс істеді, ішкі істер министрлігінің ресми өкілі болды. Сонымен қатар, Қожахметов 31 арнаны жеті жыл басқарды. Ол 2018 жылы директор қызметінен кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде