Қазақстанда бір тәулікте 36 адам коронавирустан, тағы 30-ы пневмониядан қайтыс болды
Денсаулық сақтау министрлігі COVID-19 және пневмония бойынша жаңартылған статистиканы жариялады.
11:00 02.08.2020
Қазақстанда өткен тәулікте 66 адам қайтыс болды, оның 36-сы коронавирустан, 30-ы пневмониядан көз жұмды. Қазақстанда бірінші тамыздан коронавирус бойынша жаңартылған статистика жүргізіле бастады.
"ДДСҰ-ның Еуропалық аймақтық бюросымен бірқатар техникалық консультациядан кейін аурулардың халықаралық жіктемесінің жаңа кодтары бойынша COVID-19 жағдайларын кодтауға және есепке алуға көшу туралы шешім қабылданды. 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 зертханалық расталған жағдайларымен қатар коронавирус инфекциясының клиникалық және эпидемиологиялық белгілері бар ПТР тесттің теріс нәтижесі, пневмония жағдайлары ескеріледі", - делінген хабарламада.
Осылайша, 1 тамыздағы жағдай бойынша, COVID-19 зертханалық расталған науқас саны – 1226. Соңғы бір тәулікте 36 адам қайтыс болды. Коронавирустық инфекцияның клиникалық және эпидемиологиялық белгілері табылған пневмониямен ауырғандар саны – 5181. Өткен тәулікте пневмониядан 30 адам көз жұмды.
"Кронавирус инфекциясы және пневмонияны есепке алудың өзгертілген тәсілдері аурудың дұрыс болжамдарын жасауға, қажетті ресурстарды: медициналық кадрларды, төсек-орындарды, медициналық жабдықтарды, дәрілік заттарды жоспарлауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады министрлік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!