{metadescription}
0:000:00

Шымкентте ірі кәсіпорыннан өрт шықты

Өрт аумағы шамамен 800 шаршы метр, тілсіз жауды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер тартылды.

Шымкентте ірі кәсіпорындардың біріндегі қоймадан өрт шықты. Желіде оқиға орнында түсірілген видео тарады, одан ғимараттан шыққан қалың түтінді көруге болады. "Визит" зауытының аумағындағы қоймадан өрт шыққан. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер жалпы аумағы 2000 шаршы метр болатын қойманың өртеніп жатқанын анықтады.

Шымкент қаласы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне сүйенсек, қоймада пластик бөтелкелерді әзірлегенде пайдаланылатын шикізат болған. Зауыт сусындар шығарады. Өрт аумағы шамамен 800 шаршы метрге жеткен. Тілсіз жауды сөндіруге 21 техника мен 89 қызметкер тартылды.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.