Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
13 жасар бала Қара Ертіс өзеніне батып кетті
Шығыс Қазақстан облысында 13 жасар бала өзенге батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
09:21 03.08.2020
Ведомствоның мәліметінше, бүгін, 2 тамыз түстен кейін Қара Ертіс өзенінде болған қайғылы жағдай туралы хабар түскен. Бала ата-анасымен және туыстарымен бірге демалуға жағалауға келген. Сосын шомылып жүріп суға батып кеткен.
«Туыстары тез арада балақайдың денесін судан шығарып, Зайсан қаласындағы ауруханаға апарған. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады. Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайдың себебі - арнайы жабдықталмаған жерде суға түсу. Қара Ертіс өзенінде ағыс өте қатты және түбі өте терең, кей тұстарында иірім бар», - деп түсіндірді департаменттен.
Құтқарушылар аймақ тұрғындарына жабдықталмаған, қыр-сырын білмейтін бейтаныс жерде шомылу және суға секіру өте қауіпті екенін ескертеді. Әсіресе мас күйде суға түспеген абзал.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram