{metadescription}
Министр карантин режимін ұзартуға қатысты пікір білдірді

Министр карантин режимін ұзартуға қатысты пікір білдірді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой карантиннің ұзаруы туралы пікір білдірді.

"Карантинді ұзару мәселесі әлі таразыланып тұрғанын, біз үшін аурудың өршу не азаю динамикасы маңызды екенін түсіну керек. Яғни, біз алдағы екі аптада мәліметтерге мониторинг жүргіземіз, егер ауру тұрақты түрде азайса, оған қатысты жоспарымыз бар. Ол туралы біз мемлекеттік комиссияға шараларды кезең-кезеңімен төмендету туралы баяндадық", - дейді министр. 

Сондай-ақ министр ел бойынша 1980 төсек-орын күту режиміне ауыстырылғанын атап өтті. Бұған дейін өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус жұқтырған 1069 адам анықталғаны хабарланған.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде