{metadescription}
Министр кімдерге маска тағудың керегі жоқ екенін айтты

Министр кімдерге маска тағудың керегі жоқ екенін айтты

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой кімдерге маска тағудың керегі жоқ екенін айтты.

"Қоғамдық орындарда, ғимараттарда, қызмет көрсететін, демалатын және ашық қоғамдық орындарда маска тағу міндетті. 5 жасқа дейінгі балаларға, бес адамнан аспайтын жеке немесе топта спортпен шұғылданатындарға, медициналық жағынан карсы көрсетімі бар адамдарға маска тағудың керегі жоқ", - дейді министр үкімет отырысында.

Бетпердені тағудың арқасында инфекцияның таралуын барынша төмендетуге болады. Мәселен, бір адамның вирусты тарату көрсеткіші төрт есеге дейін азаяды.

"Бетпердемен жүрген адамның вирусты жұқтыру көрсеткіші 30 процентке төмендейді. Осылайша, одан инфекция жұқтырған адамдардың саны бір айдың ішінде бірден 300-ден 85-ке дейін түседі. Ал әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты шаралармен бірге оны бір адамға дейін азайтуға болады", – деп атап көрсетті Цой.


 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде