{metadescription}
Биыл COVID-19 вакцинасы тек ересектерге қолжетімді болады

Биыл COVID-19 вакцинасы тек ересектерге қолжетімді болады

Бұл туралы ресейлік Гамалея ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург айтты.

Коронавирустық инфекцияға қарсы препарат ересектерге арналған сынақтардың толық циклынан өтуі керек, сондықтан биыл вакцина балаларға қолжетімді болмайды. 

«Заң бойынша жаңа дәрі-дәрмекті тексерудің толық циклінен өткізбей, оны 18 жасқа толмаған адамдарға пайдалануға ұсынуға болмайды. Біздің препаратымыз балаларға да жарайды деп үміттенемін», - деді Гинцбург.

Гамалея атындағы ҒЗО-да жасалған вакцина Сеченов университетінде және Бурденко ауруханасында сынақтан өтті. Тамыз айының басында оны азаматтық айналымға шығару жоспарлануда. Роспотребнадзор түсіндіргендей, Сovid-19 препараты ең алдымен, қауіпті топтардағы адамдар үшін - дәрігерлер, мұғалімдер және жұмысы халықпен тікелей байланысты адамдар үшін қолжетімді болады.

Дереккөз: Baq.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.