Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қатерлі тайфун дауылы соқты
Қытайдың Ұлттық метеорологиялық орталығы осы жылы Қытайда төртінші рет болған Хагупит тайфуны елдің шығысындағы Чжэцзян провинциясына соққы берді деп хабарлайды.
14:41 04.08.2020
Орталықтың хабарлауынша, эпицентрде желдің максималды күші сағатына 136,8 шақырымға жеткен. Қытайда ауа-райы туралы төрт деңгейлі ескерту жүйесі бар, онда қауіп көк пен сарыдан қызғылт сарыға және қызылға дейін артады.
Ауа-райы орталығы 3 тамызда таңғы сағат 6-да тайфун туралы ескертуін сарыдан қызғылт сарыға ауыстырды. Болжам бойынша, тайфун солтүстікке сағатына 20-25 шақырым жылдамдықпен қозғалады, содан кейін ол әлсірей бастайды, 5 тамызда елдің солтүстік-шығысына дейін жетеді. Бұған дейін Жапонияның оңтүстік-батысындағы үш префектурада нөсердің салдарынан 50 адам қаза тапты, тағы 11 адам хабарсыз кетті деп хабарланған болатын.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram