{metadescription}
Қазақстанның 9 аймағында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанның 9 аймағында дауылды ескерту жарияланды

Синоптиктер 5 тамызда Қазақстанның тоғыз өңірінде дауылды ескерту жариялады.

5 тамызда Нұр-Сұлтанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 16 метрге жетеді. Ақмола облысында батыста 36 градус қатты ыстық күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында қатты ыстық 35 градус сақталады. Шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

5 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. 5 тамызда Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай облысында 35-37 градус ыстық болады деп күтілуде. Жел секундына 15-20 м/с жетеді. Алматы облысында күндіз кей жерлерде 35 градус ыстық болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман, күндіз бұршақ күтіледі. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерінде 15-20 м/с болады. Ақтөбе қаласында найзағай, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с күтіледі. Батыс-Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі. Орал қаласы найзағай, жел солтүстік-шығыстан екпіні 18 м/с болуы мүмкін. Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел секундына - 15-20 м/с.

Дереккөз: Қазгидромет

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде