Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Көкшетауда бір топ ер адам кафе алдында төбелес шығарды
Көкшетауда бір топ ер адамның төбелесскені бейнебақылау камераларына түсіп қалды.
12:38 05.08.2020
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, осы жылдың 2 тамызында Көкшетау қаласы ПБ ЖБО бейнебақылау кезекші-инспекторы Абай-Тәшенов көшелерінің қиылысында бейнебақылау камерасының көмегімен 8 ер адамның қатысуымен төбелесті байқаған. Оқиға орнына дереу патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жіберілді.
Тәртіп сақшылары жазғы кафелердің бірінде бес жергілікті тұрғын әуе-десанттық әскер күнін атап өткенін анықтады. Отырыс кезінде өзге үш адаммен сөзге келісіп қалған топ сыртқа шығып, мәселені шешпек болған. Полиция наряды бұзақылық әрекеттердің жолын кесті, ал оқиғаға қатысушылардың барлығы Көкшетау қаласының полиция басқармасына жеткізілді.
"Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР ҚК 293-бабының 2-бөлігі "бұзақылық" бойынша сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады", - деді полицияда.
ПД баспасөз қызметінен атап өткендей, жыл басынан бері Ақмола облысында бейнебақылау камерасы арқылы 150 астам қылмыстың беті ашылды.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram