{metadescription}
Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді

Алматылық жастар үшін баспана алу шарты жеңілдеді

35 жасқа дейінгі алматылық мұғалімдер мен дәрігерлер, мәдениет және БАҚ қызметкерлері "Алматы жастары 3.0" жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы бойынша баспана сатып ала алады.

Бұл жайында қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында хабарлады. "Алматы жастары 3.0" бағдарламасы бойынша қала жастары бастапқы жарнасы 10%, жылдық мөлшерлемесі 5% және несиені 25 жылға дейін ресімдеп пәтер сатып алатын болады. Бағдарламаға 35 жасқа дейінгі қала тұрғындары қатыса алады.

"Жыл басынан бері төлем қабілеттілігін растау үшін 1 035 адам жолдама алды. Қалада тіркеуінің болу керектігі туралы талап алынғаннан кейін тағы 526 азамат жолдама алса, 457-сі резервке енгізілді. Бірінші кезең бойынша іріктеуден өткен жастар өздеріне пәтер таңдап алды. Айта кету керек, тұрғын үйді бастапқы және екінші нарықтан таңдау құқығы бар", - деді қала әкімі.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде