{metadescription}
Шілде айындағы ыстық Қазақстан бойынша көпжылдық рекордты бұзды

Шілде айындағы ыстық Қазақстан бойынша көпжылдық рекордты бұзды

2020 жылдың шілде айында Қазақстанның батыс жартысындағы ыстық нормадан 1 - 4°С-қа жоғары болған.

Ал республиканың шығыс жартысында температуралық фон климаттық нормадан аспаған. Айдың ортасында Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының шығуымен бүкіл Қазақстан бойынша жауын-шашынсыз ыстық ауа райы байқалды. Жекелеген күндері еліміздің батысында қатты және өте қатты ыстық байқалды, осылайша көпжылдық максимумдардан асып түсті. Мысалы, Ақтау мен Атырауда 12 шілде 40,6 және 41,3 °С, Ақтөбеде: 13 шілде 40,6°С, Оралда 14 шілде 40,8° С температура тіркелді.

Сондай-ақ, рекордтық ыстық күндер Қазақстанның орталығы мен шығысында байқалды. Жезқазғанда 18 шілде 39,1°С, Өскеменде 17 шілде 37,4°С. Жауын-шашын бойынша жалпы 2020 жылдың шілде айында республиканың оңтүстік-батыс жартысында нормадан аз, Қазақстанның солтүстік-шығыс жартысында нормаға жуық, Қазақстанның солтүстігі, орталығы мен шығысының жекелеген аудандарында нормадан 1-3 есе көп болды.

Мысалы, жекелеген күндері тәулік ішінде түскен жауын-шашын мөлшері бір айлық норманы құрады. 3 шілдеде Ақмола облысында Балкашино метеостанциясында айлық норма 60 мм болғанда 49 мм түсті. 10 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында Семиярка метеостанциясында айлық норма 38 мм болғанда 37 мм түсті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.