Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Батыс Қазақстанда ірі азық-түлік дүкені жанып кетті
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында ірі азық-түлік дүкені жанып кетті.
12:43 07.08.2020
БҚО Төтенша жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 6 тамыз күні кешкісін Жәнібек ауылында болды. Сағат 21.18-де «Удача» дүкенінің төбесі жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. Өрт аумағы 130 шаршы метрді қамтыды.
«Тілсіз жауды» ауыздықтауға №21 өрт сөндіру бекеті (9 техника, 2 техника) және ерікті өрт сөндіру құрылымы (18 адам, 3 техника) жұмылдырылды. Сондай-ақ жедел құтқару жасағы (2 адам, 1 техника), өрт зерттеу зертханасы (2 адам, 1 техника) мамандары да қатысты. Өрт бүгін сағат 00.55-те сөндірілді. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, келтірілген шығын анықталу үстінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram