Атырауда жоғалып кеткен 40 жастағы әйел мен бір жарым жасар сәби табылды
Атырауда үйінен шығып, жоғалып кеткен 40 жастағы әйел мен бір жарым жасар бүлдіршін табылды.
14:08 07.08.2020
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 тамызда кешкі мезгілде кезекші бөліміне Атырау қаласының тұрғынынан шұғыл хабар түскен. Ол 1980 жылы туған апасы мен өзінің 1,5 жастағы қызының сағат 17:30 шамасында Қаженбаев көшесіндегі үйінен шығып кеткендігін, содан кейін қайта оралмағандығын айтқан.
«Осы дерекке байланысты жоғалған адамдарды іздестіруге Атырау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Бүгін, 7 тамызда сағат 10:00 шамасында полиция полковнигі Сайфулла Қазиханов пен полиция майоры Андрей Чекарев 40 жастағы әйел мен 1,5 жасар баланы «Дина» базарының маңынан тапты. Қазір олар туыстарымен табысты», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!