{metadescription}
Үндістанда 190 жолаушысы бар ұшақ ортасынан бөлініп түсті

Үндістанда 190 жолаушысы бар ұшақ ортасынан бөлініп түсті

Үндістанның оңтүстігіндегі Керала штатының Кожикоде қаласында Air India Express әуе компаниясының 190 жолаушысы бар ұшағы қонар кезде апатқа ұшырады.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 19:45 шамасында орын алған. Жергілікті полиция мәліметінше, кем дегенде екі адам қаза тауып, 35 адам зардап шеккен. Қазір әуежай жолағындағы апат орнында құтқару жұмысы жүргізіліп жатыр.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, ұшақ екіге бөлініп қалған. Рейс Дубайдан ұшып келген. Әлеуметтік желіде ұшақтың құлағаны түсірілген видеосы таралып кетіпті. Бейнежазбада әуе кемесінің бөлшектеніп қалғаны байқалады. Оның айналасында адамдар жиналып, олардың  өртті сөндіріп жатқан аңғарылады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде