Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты
Түркия халықаралық авиакомпаниялардың кейбір елдермен, соның ішінде Қазақстанмен жолаушылар рейстерінің орындалуын тоқтатты.
11:50 08.08.2020
Бұл туралы Түркияның Қазақстандағы елшілігі Twitter-дегі парақшасында мәлімдеді. Елшілік бұл шешім Түркия мен Қазақстан арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын барлық әуе компаниясына қатысты екенін нақтылады. Шешім қабылданғаннан кейінгі соңғы рейстер 5 және 6 тамызда орындалды. Рейстерді қайта бастау туралы мәселе пандемияға байланысты қаралады.
"Түркия бауырлас Қазақстанның коронавирус пандемиясымен күрес аясында қабылдаған шараларын бағалайды", - делінген хабарламада.
Елшілік осы уақытқа дейін Түркиядан Қазақстанға екі рет медициналық көмек жеткізілгенін еске салды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!