{metadescription}
Атырауда салонына 6 жолаушы мінгізген бірнеше таксист ұсталды

Атырауда салонына 6 жолаушы мінгізген бірнеше таксист ұсталды

Атырау облысында салонына 6 жолаушы мінгізген такси жүргізушілері ұсталды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5-7 тамызда «Такси» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілген. Патрульдік полиция қызметкерлері Көліктік бақылау инспекциясының өкілдерімен бірге республикалық маңызы бар тас жолдарда жол қозғалысы ережелерін бұзған 316 деректі анықтаған.

«Оның ішінде жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзған - 53, міндетті техникалық байқаудан өтпеген - 3, көлік құралын басқарған кезде телефон пайдаланған - 2, қауіпсіздік белдігін тақпаған - 4, бағдаршамның тыйым салу сигналына өткен - 2, көлік құралын басқару құқығы жоқ 2 жүргізуші анықталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің баптарына сәйкес хаттамалар толтырылды. Ал, екі көлік айыппұл тұрағына қойылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, «Атырау-Орал» тас жолының 62-шақырымында «Honda Adice», «Атырау-Астрахань» тас жолында «Toyota Alphard», «Доссор-Құлсары» жолының бойында «Toyota» көліктері тоқтатылған. Бұл көліктердің жүргізушілері карантин режимінің талаптарын бұзып, әрқайсысы көлік салонына 6 жолаушыдан отырғызған. Оларға қатысты жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде