Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қарағандыда құдықтан адам қаңқасы табылды
Қарағандыда жұмысшылар құдықтан адам қаңқасын тапты.
13:37 10.08.2020
Жол жөндеу жұмытары барысында қаланың орталық көшелерінің бірінде орналасқан құдықтан жұмысшылар шіруге айналған адам сүйегін алып шыққан. Ұзақ уақыт бойы жатып қалған адамның әуелі жақ сүйегі табылыпты. Полиция шақырып, құдықты тереңірек қазағаннан кейін, адамның кеуде, қол-аяқ сүйектері шыққан.
Мамандар қаңқа қалдықтарының жол астында жатқанына кемі 10 жыл болған деп топшылайды. Полиция сүйектерді сараптамаға жөнелтіп, тергеу жұмыстарын бастады. Сүйекті тауып алған жұмысшылардың бірі Владимир Макеев тағы да ұсақ сүйектерінің шығып жатқанын айтады.
"Сүйектер кеше табылған. Көп бөлігін полицияға шығарып бердік. Бүгін тағы қалған ұсақ сүйектері шығып жатыр. Міне, қалғандарын тауып қойдық. Полицейлер алып кетуі тиіс", - дейді Владимир Макеев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram