{metadescription}
Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады

Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтады

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

«Қазақстанда коронавирусты жұқтыру өсімі тоқтатылды. Ел бойынша жағдай айтарлықтай жақсарды. Атқарушы билік ахуалды қатаң бақылауда ұстап отыр. Медициналық қауымдастықтың санитарлық-эпидемиологиялық қызметі өзіне жүктелген міндетін толық көлемде орындап жатыр. Осылайша, еліміз ең күрделі кезеңді артта қалдырды десек болады», - деді ресми өкіл Орталық коммуникациялар қызметінде.

Ресми дерек бойынша, Қазақстанда 2020 жылдың 13 наурызы мен 10 тамызы аралығында 99 442 адам коронавирус жұқтырған. 

«Жазылып шыққан науқастар саны – 72 523 (72,9%). Стационарларда 4713 адам ем-дом қабылдауда және 20 937 адам амбулаторлық жағдайда емделуде. Ауырып жатқандар арасында 246 адамның жағдайы нашар және 69 адамның жағдайы өте нашар деп бағаланған. Жалпы, 70 науқас өкпені жасанды желдету аппаратымен жатыр. Соңғы тәулікте COVID-19 вирусын 741 адам жұқтырса, 23 адам қаза тапты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша 1 тамыздан бастап коронавирустық инфекция және соған ұқсас белгілері бар пневмония деректерін статистика қатарына қостық. Осыдан кейін еліміз індеттің таратылу көрсеткіші бойынша әлемдік рейтингте бір сатыға ғана көтерілді. Бұған дейін 27-ші орында тұрса, қазір 26-шы орында. Бірақ, бұл көрсеткішке қарап, жігерді жасытуға болмайды, біз үшін маңыздысы - күресті күшейтіп, жағдайды одан әрі жақсарту», - деді Бағдат Қожахметов.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде