{metadescription}
Қызылордада каналға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Қызылордада каналға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды

Қызылордада 9 тамызда Шіркейлі каналына жуынуға барған сәтте құлап кеткен 28 жастағы жігіттің мәйіті табылды.

Оқиға Қызылорда қаласы маңындағы Шіркейлі каналы аумағында елорда уақытымен 05.55-те болды. Жуынуға келген 28 жастағы жігіт суға батып кетті.

«Сол күні құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізді. Ол жұмыстар ешбір нәтиже берген жоқ. Іздестіру 10 тамызда да жалғасып, құтқарушылар жігіттің мәйітін жергілікті уақытпен 19.30-да өзі суға батып кеткен аумақтан 300 метр қашықтықтан тапты. Мәйіт су бетінде қалқып жүрген жерінен жағаға шығарылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің өкілдері.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

18 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.