{metadescription}
Сенат сайлауының алдын-ала қорытындысы: Нұр-Сұлтанда экс-министр жеңіске жетті

Сенат сайлауының алдын-ала қорытындысы: Нұр-Сұлтанда экс-министр жеңіске жетті

Бұрынғы ауыл шаруашылығы министрі, қазір Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры Ақылбек Күрішбаев алдын-ала нәтижелер бойынша жеңіске жетті.

Нұр-Сұлтан қаласынан сенат депутаттығына ұсынылған Күрішбаевқа алдын ала нәтижелер бойынша сайлаушылардың 75%-ті дауыс берген. Ал елордалық басқа кандидаттар Мейрамбай Оралов пен Мәулен Самамбетов сәйкесінше 15% және 10% дауыс жинаған.

Алматылық Сұлтанбек Мәкежанов сайлаушылардың 100% дауысын алған. Шымкентте ең көп дауысты – 72%-пен Айгүл Қапбарова иеленді. Толқын Аюбаева сайлаушылардың 16% дауысын алса, Бектай Ормановқа 12% дауыс берген.

Айта кетейік, сенат депутаттарының сайлауын 185 бақылаушы қадағалайды. Олардың 180-і ұлттық, сонымен қатар 5 түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі миссиясының 5 халықаралық мүшесі. Осы жылы сенат депутаттығы үшін сайлауға қатысып жатқан 46 үміткердің тек 17-сі ғана парламенттің жоғарғы палатасының мүшесі атана алады. Орталық сайлау комиссиясы сайлаудың соңғы нәтижелерін 18 тамызда жариялайды.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде