{metadescription}
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры тағайындалды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның бас директоры тағайындалды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры басқармасының келісімі бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ жаңа Бас директоры болып DB Engineering&Consulting Азия-Тынық мұхиты аймағының дирекциясын басқарған неміс маманы Питер Штурм (Peter Sturm) тағайындалды.

«Жолаушылар тасымалы» компаниясы бапасөз қызметінің хабарлауынша, теміржол көлігі және халықаралық тасымалдау саласында еңбек өтілі бар П. Штурм, 25 жыл бойы халықаралық компанияларда түрлі басқару қызметтерін атқарған. Бұған дейін ол инновациялар мен өзгерістерді енгізудегі жауапты бөлімшелерді басқарды, жылжымалы құрамды сатып алу және қызмет көрсету, ақпараттық технологияларды енгізу, темір жолдарды пайдалану және т. б. салаларда қызмет атқарды.

Бас директор «Солтүстік» өңірлік филиалында стандартты жолаушылар вагондарына арналған алғашқы екі дәретхана модулінің демонстрациялық жинағымен танысты. Пойыздардағы санитарлық тораптарды жаңарту, олардың эстетикасын, қолайлылығын және жолаушылар үшін жайлылық деңгейін түбегейлі арттыруға мүмкіндік береді. Дәретханалық модульдерді орнату жұмыстары ағымдағы жылдың қыркүйек айында басталады деп жоспарлануда..

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде