Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматылық 10 минут ішінде 16 миллион теңге салынған сейфті тонап кетті
Алматыда 37 жастағы ер адам интернет-дүкен кеңсесінен 16 миллион теңге ақша сақталған сейфті ұрлап кеткен.
09:10 14.08.2020
Қылмыстық жоспарды жүзеге асыруға күдіктінің небәрі 10 минут уақыт кеткені анықталды.
"1983 жылы туған М.есімді азамат таңғы сағат 05:00 шамасында кеңсенің кіреберісіндегі есікттің құлпысын сындырып, ішке кіріп, сол жерден кішкене өлшемді темір сейфті алып кеткен. Аталған қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды, оның қызметкерлері күдіктінің жеке басын анықтады. Бұл жолы бейнебақылау камералары жақсы көмек болды. Қазір айыпталушы ұсталып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта ұрланған ақша қаражатын сақтау орнын анықтауға бағытталған іс – шаралар жүргізілуде, олар кейіннен ҚР ҚК 188-бабы бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына қосылады", - деп атап өтті Бостандық ауданы ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Ғалым Қасымбаев.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram