{metadescription}
Бес рет қастандық жасалған: Алматыда кәсіпкерді өлтіріп кетті

Бес рет қастандық жасалған: Алматыда кәсіпкерді өлтіріп кетті

Ауыл тұрғындары жиналып, полициядан қылмыскерді анықтап, оны жауапқа тартуды талап етті.

Алматы облысында кәсіпкер Нұрлан Ахметов кісі қолынан қаза тапты. Бұған дейін оны бірнеше рет өлтірмек болған. Алматы облысы Ащысай ауылында тұратын кәсіпкер Нұрлан Ахметовтің қазасы туралы хабар 16 тамызда әлеуметтік желіде тарады. Ауыл адамдары жиналып, қылмыскерді анықтап, оны жауапқа тартуды талап етті.

Жиналған кісі қарасы көбейген соң Еңбекшіқазақ аудандық полиция бөлімінің бастығы Талғат Сейілханов тұрғындардың үйді-үйіне тарауын, ал істі құқық қорғау органдарына қалдыруды сұрады, деп жазады sputniknews.kz. Оқиға орнына келген Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов арнайы құрылған жедел-тергеу тобының кісі өлімін ашумен айналысып жатқандығын растады. Тергеу ерекше бақылауға алынды.

Полиция не дейді?

Ішкі істер министрлігі 15 тамызға қараған түні кәсіпкерді өз үйінде пышақтап кеткенін хабарлады.

Ол Шелек ауылындағы ауруханаға жеткізілген, бірақ алған жарақатынан қайтыс болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілерді қамауға алу үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

Жағдай жергілікті атқарушы органдар және құқық қорғау органдарының бақылауына алынды.



Әрі қарай оқу: https://sputniknews.kz/incidents/20200817/14726626/Almaty-oblysy-kasipker-shabuyl.html

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.