Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қалыңдығының эскорттық қызмет көрсеткенін біліп үйлену тойынан қуып жіберді
Ресейлік еркін күрес балуаны Заурбек Сидаковтың үйлену тойы отбасылық киікілжіңмен аяқталды.
17:03 21.08.2020
Спортшы қыздың бұрын эскорттық қызметте жұмыс істегенін білген соң қалыңдықты мереке кезінде қуып шығарды. Неке қию рәсімі бір апта бұрын Владикавказда өткен. Басында бәрі көңілді болған. Алайда содан кейін бірден бірнеше қонаққа телефон арқылы қалыңдықтың қатысуымен видео тараған. Онда қыз анайы жағдайда бейнеленген. Осылайша, қалыңдықтың бұрынғы сүйіктісі қыздан кек алмақ болған. Видеода жігіт қыз бұрын эскортшы болып жұмыс істейтінін айтады. Жіберілген видеолардың кадрлары желіге таралған.
Мереке бірден тоқтатылып, туыстары күйеу жігітті ақымақтық жасап қоймас үшін қалаға жіберді, ал қалыңдық масқара боп қуылған. Қалыңдық құттықтау сөз айтқан анасын тойынан қуып жіберді 24 жастағы Заурбек Сидаков екі дүркін әлем чемпионы, 2019 жылғы Еуропалық ойындардың чемпионы, Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы.
2018 жылы Будапештте әлем чемпионатында барлық жекпе-жектерде жеңіске жетті. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен әлем чемпионатында алтын жүлдеге қол жеткізді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram