{metadescription}
Қызылордада тергеу департаменті басшысының орынбасары тергеуге алынды

Қызылордада тергеу департаменті басшысының орынбасары тергеуге алынды

Күдіктілер банк шоттарының бұғаттауын шешіп береміз деп бір топ адаммен алдын ала сөз байласқан.

Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары тергеуге алынды. Ресми мәліметке сәйкес, департамент басшысының орынбасары мен оның сенімді тұлғасын Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары құрықтады.

"Күдіктілер банк шоттарының бұғаттауын шешіп береміз деген сылтаумен бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Алматы қаласындағы кәсіпкердің 10 миллион теңгесін қолды қылған. Олардың барлығы кәсіпкерден сол 10 миллион теңгені алған сәтте ұсталды", – дейді тергеушілер.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.