Төрт жасар бала автошампунь ішіп қойған
Батыс Қазақстан облысында төрт жасар бала автошампунь ішіп қойған.
09:04 22.08.2020
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 тамыз күні кешкісін Бәйтерек ауданында болған. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері сағат 23.00 шамасында жол бойында қатты жылдамдықпен келе жатқан «ГазЕЛЬ» автокөлігін тоқтатқан. Жүргізуші 2016 жылғы ұлының автошампунь ішіп қойып, облыстық балалар ауруханасына жедел әкеле жатқанын айтқан.
Полиция қызметкерлері автокөліктің ауруханаға тез жетуі үшін «дәліз» ашып, жағдай жасаған.
«Балаға ауруханада медициналық көмек көрсетіліп, үйіне жіберілді. Бәйтерек ауданы Макаров ауылында тұратын баланың жағдайы қазір жақсы», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!