Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қырғызстан Қазақстан азаматтары үшін шекарасын ашты
Қырғызстан шекарасын ашқан елдерде коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақталып келе жатқаны айтылды.
10:39 22.08.2020
Қырғызстан 31 елдің азаматтары үшін шекарасын ашты, ішінде Қазақстан да бар. Тізімді коронавируспен күрес жөніндегі республикалық штаб жариялады. Ресей, Грузия, Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Түрікменстан, Бельгия,Австрия, Ұлыбритания, Германия, Ирландия, Исландия, Италия, Латвия, Литва ,Лихтенштейн, Люксембург, Португалия, Түркия, Швейцария, Швеция, Катар, БАӘ,ҚХР, Малайзия, Оңтүстік Корея, Пәкістан, Словения, Кувейт, Жапония кірді.
Бұл мемлекеттерде эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы байқалып отыр. Бұрын көрші елде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жекелеген санаттарына кіру шарттары жеңілдетілген болатын. Қырғызстанның жоғары оқу орындарында оқитын шет мемлекеттердің азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар (оқу орнынан анықтама ұсынған кезде) кіре алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram