{metadescription}
Нұр-Сұлтаннан екі қалаға жолаушылар пойызы қайта жүреді

Нұр-Сұлтаннан екі қалаға жолаушылар пойызы қайта жүреді

Қалпына келтірілген бағыттар бойынша ең жақын уақыттағы рейстер 25 тамызға жоспарланған.

Билеттер сатылып жатыр. Қазақстанда кейбір жолаушылар пойызы қайта іке қосылады. № 4/3 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы жолаушылар пойызы қозғалысы қалпына келтіріледі (Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтілуі – 2020 жылдың 25, 27, 29 тамызы және 1, 3, 5, 7, 9, 11 қыркүйегі, Алматыдан келуі/жөнелтілуі – 2020 жылдың 26, 28, 30 тамызы және 2, 4, 6, 8, 10, 12 қыркүйегі, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолға келуі – 2020 жылдың 27, 29, 31 тамызы және 3, 5, 7, 9, 11, 13 қыркүйегі).

Сонымен қатар, № 68/67 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Өскемен-1" бағытындағы жолаушылар пойызының қосымша рейстері тағайындалды (Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолдан жөнелтілуі – 2020 жылдың 26, 30 тамызы және 3, 7, 11 қыркүйегі, Өскеменнен келуі/жөнелтілуі 2020 жылдың 27, 31 тамызы және 4, 8, 12 қыркүйегі, Нұр-Сұлтан-Нұрлы жолға келуі – 2020 жылдың 28 тамызы және 1, 5, 9, 13 қыркүйегі).   

Пойыздардың кестесі туралы барлық ақпаратты "105" анықтамалық телефоны арқылы алуға болады (стационарлық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде