Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Ертең Нұр-Сұлтанда автобустар жүрмейді
Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктерде ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
17:07 22.08.2020
23 тамыз күні Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көліктің қозғалысы уақытша тоқтайды. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
"Жексенбі күні, 23 тамызда Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысы уақытша тоқтатылады. Қауіпсіздікті сақтау мақсатында автобустар мен автопарктерде ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі", - делінген компанияның әлеуметтік желідегі хабарламасында.
24 тамыз, дүйсенбіден бастап қоғамдық көлік қалыпты жұмыс режиміне көшеді. CTS компаниясы тұрғындарға автобусқа бетпердесіз кіруге болмайтынын еске салды. Жолаушылар қоғамдық көлікке алдыңғы есіктен кіреді. Жол жүру ақысы қолма-қол ақшасыз төленеді – карта, SMS, QR-код.
Бұған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда демалыс күндері карантин күшейтілетінін мәлімдеген еді: 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуы шектеледі, кейбір нысандар жұмысын уақытша тоқтатады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram