Қазақстанда 2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі
Қазақстанда 2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі.
12:29 25.08.2020
Бұл туралы қаржы министрі Ерлан Жамаубаев үкімет отырысы барысында мәлім етті. Қаржы министрінің сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларын өсіру үшін мемлекет арнайы қаражат бөлетін болады.
"Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларын көтеру жолымен, олардың мәртебесін арттыру жөніндегі мемелекет басшысының тапсырмаларын жүрзеге асыру бойынша, барлық шаралар жоспарланған. Экономиканың нақты секторын қолдауға 2021 жылы 1,7 трлн теңге көзделген. Осы қаражат шеңберінде "Нұрлы жол", "Нұрлы жер", "Индустриялық инновациялық даму" мен "Бизнестің жол картасы" бағдарламалары жүзеге асырылатын болады", - дейді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!