{metadescription}
Қазақстанда 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Қазақстанда 1 қыркүйекте парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы бұйрыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылғы 1 қыркүйекте сағат 11-де Нұр-Сұлтан қаласында шақырылсын", - делінген өкім мәтінінде.

Бұған дейін, 30 маусымда, Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар демалысқа кетер алдында алтыншы шақырылымның бесінші сессиясын қорытындылады. Айта кетейік, Қазақстан парламенті екі палатадан — мәжіліс пен сенаттан тұрады. Мәжіліс құрамына 107 депутат кіреді, сенат құрамына әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Нұр-Сұлтаннан екі адамнан кіреді. Сонымен қатар, президенті сенатқа қосымша 15 адамды тағайындайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде