Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын қашан жасайтыны белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауын парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында жариялайды
12:06 25.08.2020
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауды 1 қыркүйекте өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жариялайды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады", - деп жазды ол.
Айта кетсек, мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Отырыс 1 қыркүйекте сағат 11-де өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!