Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
ШҚО-да жоғалып кеткен 7 жасар ұл өлі табылды
Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданы Зубовск ауылында жоғалып кеткен 7 жасар бала өлі күйінде табылды.
08:13 31.08.2020
ШҚО Полиция департаментінен мәлім еткендей, іздеу жұмыстары тоқтатылды. Зорлық-зомбылықпен өлтіру белгілері бар ұл баланың денесі Зубовск ауылына жақын жерден табылды. Полицейлер күдікті ретінде Зубовск ауылының тұрғынын ұстады. Оны соңғы рет баланың жанында көргендер бар.
«Аталған факті бойынша «Адам өлтіру» бабымен сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу іс-шаралары барысында күдіктіден қылмысты мойындау жауабы алынды. Ол Алтай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау абақтысына қамалды», - деп мәлім етті ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Еске салайық, баланың ата-анасы оның жоғалып кеткені жөнінде полицияға 30 тамыз күні хабарлаған. Олардың айтуынша, бала әдеттегідей, велосипед тебуге шығып кеткен. Алайда, біраз уақыттан соң оны таппай қалған.
Ата-анасы өздігімен іздеу жұмыстары нәтиже бермегеннен кейін, тәртіп сақшыларына жүгінген. Хабар түсісімен «Дабыл» белгісі жарияланып, полицияның барлық жеке құрамы, волонтерлер, сондай-ақ ауыл тұрғындары баланы іздеустіруге кірісті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram