Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қытайда екіқабатты қонақүй құлап, 29 адам мерт болды
Қытайдың Шаньси провинциясында екі қабатты қонақүй құлап, оқиғаның салдарынан 29 адам құрбан болды.
09:38 31.08.2020
Агенттіктің хабарлауынша, осы уақытта оқиғаға байланысты адамдарды іздестіру жұмыстары аяқталды. Екіқабатты қонақүй сенбі күні жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9:40-та Қытайдың Шаньси провинциясына қарасты Линьфэн қалалық округіндегі Сяньфэн уезінде болған. Апаттың неден болғандығы әзірге анықталған жоқ.
Агенттіктің хабарлауынша, іздеу-құтқару жұмыстары жексенбіге қараған түні аяқталған. Құтқарушылар қирандылардың астынан 57 адамды тапқан, олардың 29-ы мерт болған. 7 адамның жарақаты ауыр, 21 адам жеңіл жарақат алған. Осы кезде ауыр жараланғандардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, оларға қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Құтқару операциясы аяқталған соң оқиғаның себеп-салдарын анықтау жөніндегі комиссия құрылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram