Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Қытайда ит аш мысықты байқап өз тамағымен бөліскен
Желіде иттің көшедегі аш мысыққа бір үзім нан беріп жатқан кадрлар тез таралып кетті.
10:39 31.08.2020
Видеоны үй жануарларының иесі қытайлық азамат жүктеген. Әсерлі сәттің куәгері Қытайдың Шаньдун провинциясындағы қыз болды. Ол өзінің пудинг деп аталатын иті үрген соң сыртқа шыққан. Пудинг бәлішті жақын жерде баспалдақта отырған үйсіз, аш мысықтың алдына жерге қойыпты, деп жазады stan.kz. Қыз бастапқыда мысық қорқып, баспалдақпен түспегенін, содан кейін Пудинг аздап шегініп, оған жақындауға мүмкіндік бергенін атап өтті.
"Бәлішті мысықты ұстап алу үшін әдейі алып бара жатқан шығар деп ойладым. Одан әрі не болатынын елестете алмадым. Пудинг мысық қорықпау үшін бәлішті жерге қойып кетіп қалды кетіп қалды, сөйтіп алыстан байқап тұрды", - деп иттің иесі өз әсерімен бөлісті.
Соңында мысық нанды алып, қашып кетіпті.
"Бұл көріністі көргенде қатты әсерлендім. Өйткені біздің ит — күзетші ит және ол өз тамағына өте мұқият қарайды", - деді қыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram