Алматыда 9 жастағы бала жоғалып кетті
Алматы полициясы жоғалып кеткен баланы іздестіріп жатыр.
10:09 02.09.2020
Полиция дептаментінің хабарлауынша, 2011 жылы туған Месут Мырзақұлов Медеу ауданындағы үйінен 1 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында шыққан, бірақ үйіне қайтып оралмаған.Баланың белгілері: бойы - 125 сантиметр, арықтау келген, шашы қара. Ерекше белгілері жоқ. Кішкентай жолақты ақ-жасыл жейде, қара түсті шолақ шалбар, ақ бауы бар қара көк түсті кроссовка киген.
«Месут Мырзақұловтың қайда екендігі туралы білетіндерден тез арада 8778-798-00-77; 8701-739-53-94; 8-708-924-82-07 немесе “102” нөмірлеріне хабарлауларыңызды сұраймыз», – деп полицейлер қазақстандықтарға өтініш білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!