{metadescription}
Ресейдің Халық әртісі дүниеден өтті

Ресейдің Халық әртісі дүниеден өтті

Ресейдің Халық әртісі, Кіші театрдың жетекші актерінің бірі Борис Клюев бірінші қыркүйекте Мәскеуде 77 жасында қайтыс болды.

"Борис Владимирович ауырып қайтыс болды", - деді РИА Новости ақпарат агенттігіне театрдың баспасөз қызметінің өкілі.

Актермен қоштасу Мәскеудегі Кіші театрда өтеді, нақты күні әлі белгісіз. Ресейдің мәдениет министрі Ольга Любимова Борис Клюевтің қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Ол бұл қаза  "бүкіл театр қауымдастығы мен ресейлік кино үшін орны толмас қайғы" екенін атап өтті. Сондай-ақ, Ольга Любимова әртістің кез келген істе өзін кәсіби маман ретінде көрсеткенін айтып, марқұмның отбасы мен әріптестеріне көңіл айтты.

Борис Клюев – Ресейдің халық әртісі (2002 ж.), Достық (1999 ж. ), Құрмет (2008 ж.), IV дәрежелі "Отан алдындағы еңбегі үшін" (2019 ж.) ордендерімен марапатталған. Әйелі Виктория Клюевамен бірге 45 жыл өмір сүрді.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде