{metadescription}
Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды

Алматыда жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды

Алматыда 1 қыркүйекте жоғалып кеткен 9 жасар бала табылды.

Қалалық ПД баспасөз қызметі Месут Мырзақұловтың аман-есен табылғандығы туралы қысқаша хабар таратты. Бала анасына аман-есен тапсырылады.

"Жақсы жаңалық! Құдайға шүкір, бала табылды. Тірі және дені сау. Енді оны анасына тапсырамыз", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қазіргі таңда баланың қалай жоғалып кеткені, бір тәулік бойы қайда болғаны белгісіз. Полиция алдағы уақытта нақты деректер жариялайтынын айтты. 

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 2011 жылы туған Месут Мырзақұлов Медеу ауданындағы үйінен 1 қыркүйек күні сағат 13:00 шамасында шыққан, бірақ үйіне қайтып оралмағаны белгілі болған. 

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.