{metadescription}
Көлік биіктігі 60 метр жардан өзенге құлап, үш адам қаза тапты

Көлік биіктігі 60 метр жардан өзенге құлап, үш адам қаза тапты

Бішкек-Ош тас жолының 449-шы шақырымында 1 қыркүйекте жолға шыққан Toyota-Wish көлігі Таш-Комур қаласы аумағында биіктігі 50-60 метр жардан Нарын өзеніне құлаған.

ТЖМ-нің дерегінше, келеңсіз жағдай салдарынан екі бойжеткен мен 9 жастағы бала қаза тапты, олардың есімдері анықталуда. Сондай-ақ, бес ер адам зардап шеккен. Оқиға орнына келіп жеткен құтқарушылар зардап шеккендер мен қаза болғандардың денелерін алып шығып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырды.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде