{metadescription}
Қашықтан оқу кезінде оқушыға үй тапсырмасы беріле ме

Қашықтан оқу кезінде оқушыға үй тапсырмасы беріле ме

Оқушыларға онлайн білім алу кезінде үйге тапсырма мейлінше аз беріледі.

Мұғалімдер мен оқушылар тапсырманы сабақ барысында орындауы тиіс. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қалалық Білім басқармасының жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарова айтты. Алматы қаласы Білім басқармасы жалпы орта білім беру бөлімінің басшысы Ақмарал Айтуарованың айтуынша, дәстүрлі тамыз конференциясында мектеп директорларына үй тапсырмасы туралы нұсқаулар берілді.

«Оқушыларға үй тапсырмасы мүлдем берілмейді деген сөз жоқ. Тапсырманың көлемі мейілінше шектеледі. Негізі сабақта орындаған жөн. Бұл оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді деп шештік», - дейді Ақмарал Айтуарова.

Оның айтуынша, тамыз айында 15 мыңнан аса мұғалім Kundelik.kz, Bilimland.kz, Microsoft.Teams білім беру платформаларын оқу процесінде қолдану бойынша курстан өтті. Сонымен қатар білім және ғылым министрлігінің ұсынысы бойынша қала мектептерінде 19 тамызда «Бірыңғай педагогикалық кеңес» өтті. 1 қыркүйекте 279 мектепте онлайн режимде білім күніне арналған сабақтар өткізілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.