{metadescription}
Оралда із-түзсіз кеткен 9 жасар баланың денесі табылды

Оралда із-түзсіз кеткен 9 жасар баланың денесі табылды

Батыс Қазақстанда кеше кешкісін жоғалып кеткен 9 жасар баланың денесі табылды.

Полицияның мәліметінше, 9 жасар Нұрасыл Мәдидің денесі бүгін Ескі әуежай ауданындағы жаңадан салынып жатқан үйлердің аумағынан табылған.

«Біздің ойымызша, бала құрылыс алаңына кіріп, биік жерден құлап кеткен», - деп мәлім етті полициядан.

Еске сала кетейік, 9 жасар Нұрасыл Орал қаласындағы Ескі әуежай ауданы Самал көшесі 94-үйден 5 қыркүйек күні сағат 17.40-та шығып кеткеннен қайтып оралмаған. Ол - ерекше бала еді, Даун синдромына шалдыққан. І топ мүгедегі, оның үстіне сөйлей алмайтын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.