{metadescription}
Жасөспірім қызға ұятсыз суреттер жіберген павлодарлық сотталды

Жасөспірім қызға ұятсыз суреттер жіберген павлодарлық сотталды

Ресей Федерациясының тұрғыны Наталья Сташова ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-лейтенанты Ерлан Тұрғымбаевқа, сондай-ақ ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдәулетовке алғыс білдірді.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 2016 жылы оның кәмелетке толмаған қызының телефонына әдепсіз мазмұндағы фотосуреттер түсе бастағаннан кейін әйел полицияға жүгінген. Ресей Федерациясының тәртіп сақшылары қаскүнемнің Павлодар облысының аумағында тұратынын анықтаған.

Бұл іс бойынша барлық материалды ресейлік полицейлер Қазақстанға жібереді. Қазақстандық тәртіп сақшылары күдіктіні ұстайды. Ол алты жылға сотталды. Осыған байланысты Ресей азаматы ішкі істер министрі, бас прокурорға хат жазып, осы істі ашқан тергеушілерге кәсіби біліктілігі мен қызметтік міндетін адал атқарғаны үшін алғысын жеткізген. Бұдан бөлек, әйел Павлодар ауданының прокурорына да тергеу барысын үнемі бақылауда ұстағаны ризашылығын білдіріпті.

"Осы азаматтардың жұмысының нәтижесінде барлық айғақ жиналып, қаскөй ұсталды", - деп атап көрсетті ресейлік азамат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде