Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам өлді
Қазақстанда өткен тәулікте пневмониядан бір адам, коронавирустан бес адам қайтыс болды. Қазіргі уақытта 4 685 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның 34-і - балалар. Ауруханаларда - 2 580, амбулаториялық деңгейде 2 105 науқас бар. 132 адамның жағдайы ауыр, 21-інің денсаулығы өте нашар деп бағаланады, 26-ы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі. Еске салайық, соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 106 584-ке жетті.
11:33 10.09.2020
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!