Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды
Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин тағы бір лауазымға ие болды.
11:56 10.09.2020
Ол енді Қызылорда облысының қазақстандық спортшылар одағының филиалын басқарады. Бұл туралы спортшы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
"Мен Қызылорда облысының @sportodagy қазақстандық спортшылар одағының филиалына басшы болдым. Филиал ресми түрде 2020 жылдың 1 қыркүйегінде тіркелді. Алда менің туған аймағымды спортты дамыту бойынша маңызды жоспарлар күтіп тұр. Мақсат қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз", - деп жазды ол.
Танымал спортшы туған жерінде спортты дамытуға қатысты үлкен жоспарларының бар екенін де жеткізді.
"Менің туған өңірімде спортты дамыту үшін үлкен жоспарларым бар. Мен өз алдыма үлкен мақсаттарды қойдым, оларды міндетті түрде жүзеге асырамыз деп үміт артамын", - деді Ильин.
Биыл коронавирус пандемиясына байланысты Токио Олимпидасын кейінге қалдырғаннан кейін Ильин спорттағы карьерасын аяқтағанын мәлімдеді. Мамыр айында ол Қызылорда қаласындағы "Мұз айдыны" спорт кешенінің директоры қызметіне тағайындалған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!