{metadescription}
0:000:00

Чемпиондық белбеу үшін қазақстандық спортшы нокаутпен жеңілді

Қазақстандық файтер Дәурен Ермеков (14-4) ресейлік Владимир Минеевпен (13-1-1) кездесу өткізді.

Жекпе-жек Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирі аясында ұйымдастырылды. Жарысты ресейлік Fight Nights Global және GFC лигасы ұйымдастырды. Ермековтің қарсыласы ресейлік Владимир Минеев болды. Олар басында бірлескен белбеу үшін төбелесуі керек еді, алайда соңында тек FNG үшін таласты.

Минеев үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ол Fight Nights Global-дың жаңа чемпионы атанды. Ресейлік спортшы үшін бұл кәсіби карьерасындағы он төртінші жеңіс. Ал Дәурен Ермеков ММА-де бесінші рет жеңіліп отыр. Айта кетейік, Ермеков уақытша GFC чемпионы және ол бұл белбеуді сақтап қалды.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.