{metadescription}
Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр

Қазақстан коронавирустың екінші толқынына дайындалып жатыр

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайға тоқталды. 

"Еуропа елдерінде жаппай жұқтырғандар көбейіп жатқанын көріп отырмыз. Италия, Испания, Германия, Түркия, Оңтүстік Кореяда. ТМД елдерінде жұқтырғандар саны Қазақстаннан бес есе көп, 0,5 пайыз болып отыр. Бұл жағдайға алаңдап отырмыз. Қазақстан барлық ел секілді коронавирус инфекциясының екінші толқыны болуы мүмкін деп дайындалып жатыр, - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде

Алексей Цой брифинг барысында елімізде 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы жоспарланғанын айтты.

"Ел бойынша медициналық мекемелерде 71 126 төсек-орын орналастыру жоспарланып отыр, қазіргі уақытта олардың  саны 10 257-ді құрайды. Төсек-орын қорының 15% -ы коронавируспен немесе коронавирустық пневмониямен ауырып жатқан науқастармен қамтылған. Біз шамамен 13 модульдік жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысын жоспарладық. Екі ірі клиника қайта қалпына келтіру кезеңінде. Азаматтар үшін емхана деңгейіндегі 3 640 мобильді бригада ұйымдастырылды. Ағымдағы эпидемиологиялық маусымға 5 098  өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты жеткізіледі. 21 566 төсек оттегімен қамтамасыз етіледі", - деді министр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.