Қозғалып тұрған эскалатордан тоғыз жастағы қыз жарақат алды
Мәскеудегі "Савеловская" метро станциясында тоғыз жастағы қыздың қолы қозғалып тұрған эскалатор төсемінің астында қалып, жарақат алды.
14:54 10.09.2020
Бұл туралы "Комсомольская правда" басылымы хабарлады. Тоғыз жастағы Алена (есімі өзгертілген) анасымен бірге метродан шығар бағыттағы эскалатормен қозғалған. Қыз қолындағы тиынын эскалатордың тепкішегіне түсіріп алған. Алена тиынды алу үшін шапшаң қимылдағандықтан, анасы келеңсіз жағдайдың алдын алып үлгермеген көрінеді. Жеткіншектің сол қолы қозғалып тұрған эскалатор төсемінің астына қысылып қалған.
Көпшіліктің көмегімен оның қолын шығарып алды. Оқиға салдарынан Аленаның сол қолының сұқ саусағы жараланған. Баланың анасы сүйекке зақым келмегенін, бірақ саусақ терілері тігілгенін айтты. Ең бастысы Аленаның қолы еш қиындықсыз жұмыс істейтіні белгілі болды.
Дереккөз: Sputnik
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!