{metadescription}
Шиеліде жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кетті

Шиеліде жеңіл автокөлік толығымен өртеніп кетті

Қызылорда облысы Шиелі ауданында «Mercedes-Benz 200» автокөлігі толығымен өртеніп кетті.

Оқиға 15 қыркүйекте сағат 22:00-дер шамасында болды. Сол уақытта Шиелі ауданы № 13 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне «Шұғыла» шағын ауданында көлік өртеніп жатқаны хабарланған.

«Оқиға орнына өрт сөндіру автокөлігімен 5 қызметкер барды. Онда 1993 жылы шыққан «Mercedes-Benz 200» маркалы автокөлігі толығымен өртеніп кеткені анықталды. Өрттің шығу себебі мен одан келген шығын анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Айгүл Нұрманова.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде